Алматы облысында ата-аналар мектепке дейінгі тәрбие мен оқу үшін артық ақша төлеген

12 марта 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысының прокуратурасы балалардың бала-бақшадағы тәрбие алу мен оқуы үшін ата-аналардан артық ақша жинау фактілері анықтады.

Мысалы, Ақсу ауданында жергілікті атқарушы органның бала-бақшаның қызметі үшін төленетін қаражат соммасы 8,5 мың теңгеден аспауы керектігі бекітілгеніне қарамастан, ата-аналар 10 мың теңге төлеп отырған.

Аталған ауданда 300-ден аса бүлдіршіндер бала-бақшада тәлім-тәрбие алады.

Осындай заң бұзушылықтар Кербұлақ және Алакөл аудандарында да орын алған және артық төленген қаражат соммасы 5 және 2 мың теңгені құраған.

Осы бағытта тексеріс жалғасуда.        

Комментарии

Добавить комментарий