Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында өз дамуындағы маңызды адамдар қарсаңында тұрған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қаблетті 50 елдің қатарына тезірек қосылудың алғы шарттарын жан-жақты ашып көрсетті. Соған байланысты, тәуелсіз мемлекетіміздің 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасын орындау барысында сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа елеулі қатер туғызатындығы тағыда қатаң ескертілді.

         Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

         Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің  мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді. Қазақстан - бұрынғы кеңес Одағы аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын заң қабылдап, осы мәселе жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылған алғашқы мемлекеттердің бірі болып отыр.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу елі­міздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасі­рет болып табылатын ол саяси даму тұрғы­сынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі бар­лық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.

Прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуына үнемі тексерулер жүргізіп отырады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайтуды қамтамасыз етуде.

Ағымдағы жылда облыс соттарымен 63 қылмыстық істер бойынша 72 тұлғаға қатысты айыптау үкімдері шығарылып қылмыстық жауаптылықтарға тартылған.

2015 жылың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа жаңа Қылмыстық кодекс енгізілгені бәрімізе мәлім.

Осы кодекстің 63-бабының 6-бөлігінің талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін соттаған кезде адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды. 

Сонымен қатар, қолданыстағы жаңа Қылмыстық кодекс бойнша  сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар үшін сотталған тұлғалар белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады.

Пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу (ҚК-нің 366, 367, 368 баптары), үшін сотталғандардың жаза түрінің бірі болып параның еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Ағымдағы жылы, соттармен 26 қылмыстық іс бойынша 29 тұлғаға қатысты жаза түрі ретінде 168 031 400 теңге айыппұл салынған. Қазіргі таңда мемлекетке 109 563 245 теңге сотталушылармен төленген.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу елі­міздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасі­рет болып табылатын ол саяси даму тұрғы­сынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі бар­лық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.

Прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуына үнемі тексерулер жүргізіп отырады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайтуды қамтамасыз етуде.

 

 

 

Облыс прокуратурасының

5-ші Басқарманың аға прокуроры                                              А. Байсаров