Сыбайлас жемқолықпен күрес басты бағытта

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратура органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында ерекше назар аударылуда, барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша жасалған құқықбұзушылықтарға заң талабына сай тиісті баға беріледі.

Ағымдағы жылы осы бағыты бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атай айтқанда атқарылған шаралар негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңының талабын бұзған үшін барлығы 80 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 19-ы бірінші басшылар.

Сонымен қатар, 2 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Мысалы, Ұйғыр ауданының тексеру қортындысы бойынша ағымдағы жылы МЖАТО (Мемлекеттік жәрдем ақы төлеу орталығы) директоры сотталған.

Яғни, аталған тұлға мемлекет тарапынан бөлінетін зейнеткерлерге арналған жәрдемақыны ұрлап, өз пайдасына жаратып, 2 млн. теңгеге жуық залал келтірген.

Басқа жағдайда Панфилов ауданының прокуратурасымен сыбайлас жемқорлық түріндегі әкімшілік құқықбұзушылықтарын жасаған үшін тәртіптік жауапкершілікке ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы тартылды.

Атап айтқанда, субсидия құжаттарды қабылдау кезінде жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары заңмен белгіленгенбеген құжаттарды сұратып, ал олардың сұраныстары заңсыз тіркеусіз қараусыз қалдырылған. Салдарынан кәсіпкерлер заңды субсидия алу құқығынан айрылған.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тәртіптік Кеңестің отырысында көрсетілген ауыл шаруашылық бөлімінің басшысына өзінің қарамағындағы қызметкердің жауапкершілігін «Сыбайлас жемқрлыққа қарсы күрес» туралы Заңының талабына сай жауапкершілігін шешуі ұсынылған. 

Алайда, көрсетілген ұсынысқа қарамастан, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы қарамағындағы қызметкерге ұсынылған жазаны қолданбай, қатаң сөгіс берумен шектелген. 

Аталған заң бұзушылықтар бойынша ҚР-ның ӘҚБК-нің 680 бабымен әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлға қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, жақын арада облыстық тәрітіптік Кеңесте облыс прокуратурасының жер Заңдылығын бұзған үшін бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты ұсынысы қаралды.

Жүргізілген тексерумен аталған бағытта бірқатар кемшіліктер анықталып, яғни жердің заңсыз нысаналы бағытын өзгерту, кезектен тыс жер беру және т.б., облыстық тәртіптік Кеңесте қаралу қортындысы бойынша 12 лауазымды тұлғаларды (оның ішінде жер қатынастар бөлімінің бастықтары, селолық округ әкімдері, аудан әкімнің орынбасарлары) тәртіптік жауапкершілігін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңына сәйкес шешу туралы ұсынылған. Облыс прокуратурасымен бұл бағытта жұмыстар үнемі қатаң бақылауда.