«Смартфонсыз тәрбие»

20 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Интернет желілерінде қадағалаусыз отыру, виртуалды өмірді өз өмірінен артық қойып, сол жерде толыққанды өмір сүру біршама теріс қылықтар істеуге әкеліп соғады.

Өткен жылдың аяғында Райымбек ауданында осындай теріс қылықтармен күресу үшін жергілікті прокуратура мен мектептер қолысып «Смартфонсыз тәрбие» атты акциясын бастаған, осыған орай, аудандағы мектеп жасындағы балалардың 80% смартфондарын қарапайым телефондарға ауыстырған.

Бір жылды қорытындылай келсек, жасөспірімдер арасындағы қылмыс 70% азайған, себебі, қылмыстың негізгі бөлігі осы смарфондарды ұрлау болатын.

Осыған орай, ата-аналардан балаларыңызға смартфон бермеуді сұраймыз.

Алматы облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу