Облыс прокуратурасы Үйлестіру Кеңесінің отырысында ұрлықтың алдын алу сұрақтары қарастырылды

22 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуратурасы Үйлестіру Кеңесінің отырысында ұрлықтың алдын алу сұрақтары қарастырылды  - 1320233941

Облыс прокуратурасының Үйлестіру Кеңесінің отырысында бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу сұрақтары қарастырылды.

Барлық қылмыстардың 60% (18658-ң 11400-і)  ұрлық болып табылатындығы аталып өтті.

Пәтерлерден ұрлау қылмыстары 9%-ға (3252-ден 3551-ге), ал ұялы телефондардың ұрлығы 20%-ға өскен (2 256-дан 2 810-ға).

Бейнебақылауларды орнату, көшелер мен аулаларды аралау сияқты қылмыстың алдын алу шаралары мәселені шешпей отыр. 

Орын алып жатқан мәселені талдау қорытындысы бойынша бейнекамералар арқылы қылмыстың ізін суытпай ашатын облыс ІІД-де қызметшілердің өте аз екені анықталды.

Мысалы, Талдықорған қаласының 664 бейнекамераларын бір полиция қызметкері ғана бақылауда ұстап отыр. Алайда, талаптарға сәйкес бір адам тек 40 бейнекамераларға бақылау жасау қажет, осыған орай бейнекамераларға бөлінген бюджеттік қаржы тиімсіз қолданып отырғаны анық.

Қылмыстың өсуінің тағы бір себебі, қылмысы көп аумақтарды көрсететін «Қылмыс картасы» ақпараттық жүйені тиімді қолданбай, патрульдік бағыттың дұрыс құрылмауы болып табылады.   

Қылмыстың алдын алу сұрақтарын талқылай отырып, полиция органдары мен ломбардтар арасында ұрланған заттардың бірыңғай тізімін жүргізетін пилоттық жобаны құру ұсынылды.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша полиция органдарына жедел басқару орталықтарының қызметкерлер санын арттыруға және тағы басқа  ұсыныстар берілді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу