Алматы облысының тұрғындары электр энергиясы мен жылуға 1,2 млрд. теңге артық төлем жасаған

07 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысының электр және жылу энергиясын тұтынушыларына артық төленген 1,2 млрд. теңге коммуналдық төлемдерін қайтарады.

Прокурорлық тексеріс шеңберінде монополистермен шығындарды заңсыз асыра көрсету, тарифтік сметаға негізделмеген шығындарды енгізу, сонымен қатар инвестициялық бағдарламаларды орындамау фактілері айқындалды.

Заң бұзушылықтар «Жетысу энерготрейд» ЖШС, «Талдықорған акционерлік тасымалдаушы электр желілік компаниясы» АҚ, «Талдықорған жылу сервисі» МКК және «Қапшағай жылу» МКК орын алды.

Мысалы, «Талдықорған жылу сервисі» МКК-да тарифке сомасы 372,3 млн. теңгеге қызмет көрсету мен желілерді жөндеуді негізсіз қосқан.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жылу энергиясына 1 мың. теңгеден артық (6 332,68 теңге/Гкалл-ден 5 298,66 теңге/Гкалл-ға дейін) тариф төмендетілді.

Жымқыру және талан-таражға салу фактілері бойынша монополистерге қатысты екі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұдан басқа, монополистермен салық заңнамаларын бұзғандары үшін  48 млн. теңге төленді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу