Алматы облысының прокуратурасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

16 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, М.Төлебаева көшесі №51 үй, 3-қабат, 305 кабинет, анықтама телефондары: 8-(7282)-24-17-81,  эл. мекен-жай 7282383@prokuror.kz

 

1. Алматы облысы прокуратурасы Аппаратының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты – 83 282 теңгеден бастап 112 431 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы техникалық және технологиялар (ақпараттық жүйелер) туралы білім. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық,  ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Компьютерде  Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білу.

         Функционалдық міндеттері: прокуратура органдарының ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұйымдастырушы-реттеуші құжаттарды әзірлеуге қатысады; облыс прокуратурасы органдарының ақпараттық ресурстарын қорғау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады; ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша прокуратура органдарының қызметкерлеріне консультация береді; ақпараттық қауіпсіздікке талдау жүргізеді, ақпараттық қауіпсіздікті одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгізеді; есептеу техникасының құралдарын пайдаланумен ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүргізеді; ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша прокуратура органдарында тексерістер жүргізуге қатысады; ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысады; өз өкілеттілігі шегінде ақпараттық қауіпсіздік саласында жобалардың іске асырылуына және орындалуына бақылауды жүзеге асырады, сонымен қатар олардың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді; желіні асыра пайдалану жағдайларында және олар бойынша қабылданған шаралар туралы басшылықты уақтылы хабардар етеді;

жүйелі ақпарат жорналын жүргізеді, облыс прокуратурасының ақпараттық ресурстарына қол жеткізу құқықтары (парольдар, қол жеткізу құқығы) туралы ақпараттарды сейфт сақтауды қамтамасыз етеді; облыс прокуратурасы желісінің (ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден, жүйелі файлдар мен деректерді қараудан немесе өзгертуден қорғайды) қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; вирустық атакаларға қадағалау бойынша Qradar жүйесінде күнделікті мониторингі және де айқындалған бұзушылықтар бойынша талдау жүргізуді; құпия іс жүргізу өндірісі бойынша вирусқа қарсы бағдарламаларды жаңарту жөнінде жұмыс атқаруды; прокуратура органдарының ғимараттарында бейнебақылауды және кіруді басқаруды және бақылауды,  күзет-өрт дабылдары жүйелерінің қызметін қамтамасыз етуді.

             Жүйедегі кемшіліктерді жою үшін облыстық прокуратурасының қаржы және информатизация басқармасына өтінімді уақтылы беруді, немесе олар болмаған жағдайда орналастыруды; прокуратура ғимараттарына қызметкерлер мен келушілердің кіруі мен шығуы кезінде рұқсат карточкасын пайдалануларына тұрақты бақылау жүргізуді; рұқсат карточкасын пайдалану ережесін бұзу туралы актісін әзірлейді және тәртіптік сипатта тиісті шаралар қабылдау үшін ұсыныс жолдайды; компьютерлік техника үшін материалдық жауап береді;  ішкі қауіпсіздік, кадр жұмысы және тиісті органдар қызметкерлерімен бірлесіп, күзет-өрт қауіпсіздігін, бақылау-рұқсат режимдерін сақтау жөнінде қауіпсіздік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлері үшін семинарлық оқу өткізеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады.

         1) Қағидаданың  2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (қосымша тіркелді);

         3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

         "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

         "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

         Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

         4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

         5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

         6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

         7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

         8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

         9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

         10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

         Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, М.Төлебаева көшесі, №51 үй, 3-қабат, 305 кабинет.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар мен сарапшылардың қатысуы:

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу