Алматы облысы прокуратурасындағы тағайындау

06 тамыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың бұйрығымен Ілияс Бескемпіров Алматы облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

І.С.Бескемпіров 1984 жылы туылған. Қаржы полиция Академиясын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2007 жылы Алматы қаласының Бостандық ауданы прокурорының аға көмекшісі болып бастаған.

Қызмет барысында Ескелді, Қарасай аудандарының және Талдықорған қаласы прокурорларының орынбасары, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі, Көксу және Іле аудандарының прокуроры лауазымдарын атқарған.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілімі 13 жыл. Сыныптық шені –әділет кеңесшісі.