Монополистер облыс тұрғындарынан көрсетілген қызмет үшін негізсіз ақы алған

13 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Алматы облысы прокуратурасының зерделеуі нәтижесінде Талдықорған қаласының 31 мың абонентіне жылу энергиясын қолданғаны үшін 45 млн. теңгеден аса коммуналдық төлемақы негізсіз қосылған.

         Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша а.ж. 1 тамызынан бастап артық төленген коммуналдық төлемдер тұрғындарға төмендетілген тариф түрінде қайтарылады.

         Сонымен қатар, «Үшқоңырирригация» МҚК Қарасай ауданының 12 мың су тұтынушыларынан сумен жабдықтағаны үшін 50% мөлшерінде ақыны алдын ала алып отырған.

         Осы талап үлгілік шарттарда да бекітілген.

         Аталған төлем суды бергеннен кейін төленетінін ескере отырып, облыс прокуратурасы сумен жабдықтаудың үлгілік шарттарын табиғи монополиялар саласындарғы заңнамаға сәйкестендіру үшін қадағалау актісін енгізді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу