Журналистер мен блогерлер арасында "Прокурор туралы үздік пост" атты конкурсы жарияланады

05 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құрметті оқырмандар, азаматтардың құқықтық саналары және құқықтық мәдениеті деңгейін жоғарылату үшін прокуратура органдарының құқық қорғау рөлін насихаттауға бағытталған "Прокурор туралы үздік пост" атты конкурсы өтіп жатыр.

Конкурсқа қатысу үшін Сіздер 1 минутқа созылатын видео немесе фотосуретті (посттың тусірмесі) 7282111@prokuror.kz электронды мекен-жайға жолдауыңыз қажет. Одан бөлек, конкурстық жұмыстарыңыз Instagram, facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі ашық парақшаңызға #Zhetysuprokuror хэштегі белгіленіп салынуы керек.  

Конкурстың жүлде қоры:

•     1 орын – Ipad pro;

•     2 орын - Huawei смартфон ;

•     3 орын – прокуратура белгісі бар қолсағат.

КОНКУРСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ЖАРИЯЛАУ:

2018 жылдың 5 мен 20 желтоқсаны арасында өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды қабылдау, 21 желтоқсан комиссия мүшелерінің отырысы, 24 желтоқсан - қорытындыларды жариялау. 

Конкурс  Instagram, facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі лайктар мен комиссия мүшесінің баллдары арқылы қорытындыланады (1 балл 10 лайкка тең).

Толық ақпарат +7 701 111 58 47 телефон нөмірі арқылы - Мұхияев Данияр Мұхтаржанұлы.

Конкурстың ережесімен осы жарияланымда таныса аласыздар.

Журналистер мен блогерлер арасында "Прокурор туралы үздік пост" атты конкурсы жарияланады - 408706646
Журналистер мен блогерлер арасында "Прокурор туралы үздік пост" атты конкурсы жарияланады - 618419071
Журналистер мен блогерлер арасында "Прокурор туралы үздік пост" атты конкурсы жарияланады - 1276606454
Журналистер мен блогерлер арасында "Прокурор туралы үздік пост" атты конкурсы жарияланады - 318211720
Журналистер мен блогерлер арасында "Прокурор туралы үздік пост" атты конкурсы жарияланады - 359133697

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу