Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрекеті үшін жазаланды.

22 мамыр 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға пәрменді шаралар қолданылып жатса да, әлі де болса  мұндай қылмыстар, яғни оның ішінде лауазымды тұлғалардың пара алу деректері тиылмай отыр.

Мысалы, Көксу аудандық сотының 17.02.2016 жылғы үкімімен «Т» деген азамат ҚК-тің 366 бабы 2 бөлігімен (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның пара алуы) кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл бас бостаныдғынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге белгіленген.

Ол арнайы атағынан айырылды.

Сот үкімімен «Т» тергеуші қызметін атқара отыра «К» деген азаматтан сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезіндегі іс бойынша процестік келісім жасау үшін 125 000 теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.

Аталған сот үкіміне наразылық, шағым келтірілмеген, ол заңды күшіне енген.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу