Нашақорлық XXI-ші ғасырдың қасыреті

14 маусым 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Нашақорлық деген бір жағынан қарағанда дерт емес секілді, шын мәнінде ол адам баласына аса қауіпті айықпас ауру, заманымыздың үлкен қасыреті.

Нашақорлық өршіп тұрған заманда оны болдырмау, алдын-алу, онымен күресу барлығымыздың адамгершілік тұрғыдағы міндетіміз.

Ағымдағы жылда Ескелді аудандық сотымен есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу қылмыстық құқық бұзушылық бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабы 1 бөлігімен азамат «Н» қатысты қылмыстық іс қаралып, айыптау үкімі шығарылды.

Толығырақ айтсақ, қылмыстық қудалау органдарымен Қарабұлақ кенті, Достаевский көшесінде «Н» азаматына күдік туып, тексеру барысында, қалтасынан «ЛМ» темекісінің қорапшасынан 0,05 грамм кептірілген марихуана есірткі затын өткізу мақсатынсыз сақтағандығы анықталған.

Сот отырысында азамат «Н» өзінің кінәсін толығымен мойындап, өзіне тағылған айыппен келісті.

Нәтижесінде, Ескелді аудандық сотымен азамат «Н» Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, жаза түрінде 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасы тағайындалды.

Нашақорлықпен күресу – өмірімізді сақтау деп түсінген жөн.

Ендеше, ардақты әлеумет, әлемдік көш бастап тұрған елдер қатарына кіруді мақсат тұтқан мемлекетіміздің азаматтары мен еліміздің болашағын құрайтын жас буынның тағдырына аландасақ, еліміздің ұлтжанды азаматы ретінде XXI-ші ғасырдың қасыретті ауруы, заман дерті – нашақорлықпен бірлесе күресейік!

Алматы облысы Ескелді ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу