Келешектің кемел жолы

06 тамыз 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы жарияланғаны баршамызға аян. Бұл маңызды құжатты бірлік пен қауіпсіздік мәселелері, репродуктивтік денсаулықтың нығаюы, білім беру, жұмыспен қамту, мәдениет, қоршаған орта, гендерлік теңдік бағытындағы жұмыстарға  маңыз берілетіні, қолда бар ресурстарды, тетіктер мен мүмкіндіктерді пайдалану баса айтылды.

 Аталған құжат ұлттық экономиканың түр-тұлғасын жаңа форматқа көшіруге бағытталған. Президент идеясымен құрылған халық қазынасы сақталатын ұлттық қор бүгінгі таңда Елбасы Жолдауынан кейін әлеуметтік-экономикалық жағдайларды түзету арқылы елге өз шапағатын беруде.

Елді-мекендердегі мәселелерді шешу үшін ұлттық қордан қосымша 500 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп тұрады. Ол елді-мекендердің инфрақұрылымын оңтайландыруға жұмсалатын болады, сондай-ақ 70 миллиард теңге қосымша мектептер салуға, 20 миллиард теңге балабақша құрылысына арналатын болады.

«Нұрлы жолда» әуе жолынан бастап автомобильге дейінгі көлік магистралінің тұтастай жүйесін құру, ғасыр жобасы аталған «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жобасын жүзеге асыру сөз етілді. Осы және басқа да жол құрылыстары арқылы 200 мың адамға арналған жаңа жұмыс орындары құрылады. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтамасыз етуге арналған маңызды шара. Онымен қосат 100 миллиарды теңге шағын және орта бизнесті, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге, тамақ және химия, машина жасау өнеркәсібіндегі жобаларды жүзеге асыруға, 250 миллиарды банк секторын сауықтыру және несиелерді капиталдандыруға, 81 миллиарды инфрақұрылымдарды жақсартуға, 40 миллиарды «ЭКСПО – 2017» кешені құрылысын жалғастыруға жұмсалатын болады. Аталған мәселелердіңі барлығы Жолдауға сай, ағымдағы жылдың басынан бастап жүзеге асырылуда.

Бұл тұрғыда облыстық прокуратура органдарымен осы Жолдауды жүзеге асыру бағытында аянбай еңбек етіліп, қаражаттың халық игілігіне ғана қызмет етуіне қадағалау жасалынуда.  Жолдау біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді түсіндіретін басты құжат.

Олай болса, қарыштап дамуға бет алған елімізде ынтымақтастық пен бейбітшілік жасай берсін, Елбасының ел игілігі жолындағы Жолдауының орындалуына атсалысайық.

 

 Облыс прокуратурасының

4-ші Басқармасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу