Білуге қажетті соттағы құқықтар мен міндеттер!

03 шілде 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылады. Конституцияның 12 бабының 1 бөлігінде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

Сонымен қатар, Конституцияның 13 бабының 2 бөлігіне сәйкес, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғалуға құқығы бар делінген.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексінің 328-бабының талаптарына сәйкес, сотпен тараптардың iс материалдарымен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған Кодекстің 38-бабына сәйкес, басты сот талқылауына жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi. Жәбiрленушi келмеген жағдайда сот iстi талқылау немесе оны талқылауды жәбiрленушi болмағанда iстiң барлық мән-жайларын толық анықтаудың және оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың мүмкiн болуы-болмауына қарай кейiнге қалдыру туралы мәселенi шешедi. Егер сот отырысына жәбiрленушiнiң өкiлi келсе, сот бұл мәселенi өкiлдiң пiкiрiн ескере отырып шешедi. Жәбiрленушiнiң өтiнiшхаты бойынша сот оны айғақтар беру үшiн белгiлi бір уақытта келуге мiндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады. Жекеше айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң сот отырысына дәлелді себептерсіз келмеуi iстi тоқтатуға әкеп соғады, алайда сотталушының өтiнiшхаты бойынша iс мәнi бойынша жәбiрленушiнiң қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.

Сот жарыссөзіне қатысатындардың барлығы сөз сөйлеп болған соң, олардың әрқайсысы тараптар өкiлдерiнiң сөзiнде айтылған себептер бойынша тағы бiр реттен қысқаша қарсылықтарын немесе ескертулерiн (репликаларын) бiлдiріп сөйлеуге құқылы. Соңғы ескертуді айту құқығы барлық жағдайда да сотталушы мен оның қорғаушысына тиесiлi.

Сонымен қатар, Қылмыстық-процестік Кодексінің 404-бабының талаптарына сәйкес үкiм жарияланғаннан кейiн – бес тәулiктен кешiктiрмей, ал көлемі үлкен болған кезде он бес тәуліктен кешіктірмей оның көшiрмесi сотталған адамға немесе ақталған адамға, қорғаушы мен айыптаушыға табыс етілуге тиiс. Үкiмнiң көшiрмесi процестің басқа қатысушыларына өтінішхат келіп түскен кезден бастап дәл сол мерзімде табыс етiледi.

Тәжірибеде қолдану үшін өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білген абзал болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу