Алимент. төлемеуге қарсы 30 қадам

04 мамыр 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алимент. төлемеуге қарсы 30 қадам - 1958278978

Құрметті бұқаралық ақпараттар өкілдері! Бүгінгі айтлатын тақырыбымыз ол Алименттерді өндіріп алу мәселесі.

Баршаңызға белгілі алименттер өндіру республикамызда өзекті мәселе болып табылады.

Сондықтан, 2016 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Әділет министрлігі бірлесе отырып «Алимент. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын негізді.

Бұл жобаның мақсаты – борышкерден балалардың пайдасына алимент өндірудің тиімді жүйесін құру. Сөйтіп, 2020 жылы алимент алатын бала үлесін 10 пайыздан 5 –ке дейін төмендету.

Оны іске асыру аясында заңнамалық деңгейде келесідей шаралар көзделіп отыр:

Біріншіден, заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу (нақты айтсақ, борышкерлерді жұмысқа орналастыру, Қылмыстық кодекске мәжбүрлеп жұмыс істету жазасын енгізу, борышкерлердің көліктерін ұстау, жүргізу құқықтарын тоқту және тағы басқаларды заңдастыру);

Екіншіден, борышкерлерге кейбір мемлекеттік қызмет көрсетуіне шектеу енгізу;

Үшіншіден, Қылмыстық кодекске борышкерлерді іздестіру, сотталғандардан берешекті өндіріп алу мәселелері бойынша Әділет және Ішкі Істер Министерлігінің бірқатар бұйрықтарына өзгерістер енгізу; алименттер өндіріп алу жөніндегі мамандандырылған жеке сот орындаушылар топтарын құру.

Төртінші, сот орындаушылар мен мемлекеттік органдар арасында іс-қимыл жасаудың тәртібі туралы нұсқаулық әзірлеу.

Бесінші, Қазақстанда жауапты әке институтын дамыту.

Алтыншы, алименттер өндіріп алу мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңестік орган құру.

Аталмыш шаралар балалардың мүддесін қорғауға және  борышкердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Осы тұрғыда, облыс прокуратурасымен Текелі қаласы бойынша пилоттық жоба іске асырылып біршама жұмыстар жіргізілуде.

Облыс аумағында алимент өндіру бойынша мамандандырылған жеке сот орындаушылардың екі топтары құрылды, олар Талдыкорған қаласында және Қарасай ауданында.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Жоба енгізілген кезден бастап 17 мыңға жуық балаға 1 млрд. теңге алимент қарызы болса, оның 13 млн. өндіріліп, 404 баланың құқығы қорғалды.

8,5 мың борышкердің ай сайынғы жалақысынан алимент ұсталуда.

Сонымен қатар, борышкерлердің 142 автокөлігі, 35 пәтері, 39 тұрғын үй және 22 жер теліміне тиым салынды.

716 борышкердің республика аумағынан шығу құқығы шектелді.

3 мыңнан астам алимент төлемеген борышкерлер жұмыссыз ретінде тіркеуге алынып, қазіргі таңда 78-і жұмысқа орналастырылды.

Сол сияқты 5 800 сот актілері әртүрлі себептермен орындалмай отыр. Көбінесе орындалмау себебі, борышкердің жұмыссыздығы, табысы мен мүлкінің жоқтығы, тұрғылықты мекен-жайы бойынша анықталмауы және бұдан басқа себептер бар.

 Атқарылған шаралар бойынша 108 борышкер әкімшілік жауапкершіліке тартылды, 97 борышкерге іздеу жарияланды.

39 тұлғаға қатысты қылмыстық қудалау басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде,  ал 2 іс сотта қаралуда.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  669 бабында, сот актісін орындамау – жеке тұлғаларға – 10, лауазымды адамдарға – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Борышкерлер өздерінің республикадан шығуына шектеу қойылғаны туралы интернет жүйесі арқылы Бас прокуратурасының сайтынан біле алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысына сәйкес жеке сот орындаушыларға алименттерді өндіріп алу туралы қызметіне 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақы төленеді.

Яғни осы норма жеке сот орындаушының жұмысқа деген қызығушылығын арттырады.

Еліміздің өркендеуі, жоғары дамыған 30 елдің қатарына қосылуы ұрпақтарымыздың жарқын болашағымен көрінеді.

«Бала біздің болашағымыз», сол себептен Алимент  төлеу қарыз емес – парыз деген қағиданы естен шығармағанымыз жөн.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу