Заңның алдында бәрі тең!

10 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

31.10.2017 жылы Панфилов ауданы ІІБ-не қарасты Қорғас полиция бөлімінің қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында «Қорғас» ШЫХО аумағында ҚХР азаматы «А» полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.

02.11.2017 жылғы Панфилов аудандық сотының қаулысымен ҚХР азаматы «А» ҚР ӘҚбК-нің 667 бабының 1 бөлігінде көзделген, яғни құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін, әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. 

Алматы облысы Панфилов ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу