Үйлестіру Кеңесінің отырысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын-алу сұрақтары қаралды

11 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысы прокуратурасында кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстарын алдын-алу сұрағы талқыланған Үйлестіру Кеңесінің отырысы өткізілді.

Отырыста жасөспірімдердің арасындағы қылмыс жағдайын ескере отырып, 2019 жылы осы қылмыстардың алдын-алуға бағытталған жұмыс жоспары әзірленгені аталып өтті.

Жоспарды орындау барысында күрделі мәселелер мен олардың шешу сұрағы талқыланған алдын-алу мен ұйымдастыру іс-шаралары өткізілді.

Облыстың жалпы білім мектептерінде құқық қорғауға бағытталған кадеттік сыныптардың ашылуы оң нәтижелі деп аталып өтті. Бүгінгі таңда облыс бойынша осындай 15 кадеттік сынып ашылды.

Жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту үшін апта сайын кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың түңгі уақытта көңіл көтеретін орындарда немесе заңды өкілдерсіз үйден тыс жерде жүру фактілерін анықтау үшін рейдтік іс-шаралар белсендендірілген.

Жалпы осындай 4 мыңға (2018 ж. - 3628)  жуық факті орын алып, жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған жауапкершілікке 66 (2018 ж. - 52) көңіл көтеретін орындардың иелері де түңгі уақытта балалардың болуын орын алдырған үшін тартылған.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша уәкілетті және мүдделі органдарға жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың алдын-алуға бағытталған барлық шараларды қабылдауға және осы бағытта ақпарттық-түсіндірме жұмыстарын жандандыруға бағытталған ұсыныстар берілді.

Үйлестіру Кеңесінің отырысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын-алу сұрақтары қаралды - 1265510403
Үйлестіру Кеңесінің отырысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын-алу сұрақтары қаралды - 899991916