«Ұрлыққа тосқауыл» жобасының барысы

28 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алакөл ауданының прокуратурасымен «Ұрлыққа тосқауыл» жобасын жүзеге асыру барысында қолданған профилактикалық шаралары оң нәтиже беруде.

Атап айтқанда, аудан прокуратурасының бастамасымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында  ауданда 8 бейнебақылаулар орнатылған.  Ағымдағы жылда бейнебақылаулар көмегімен 14 қылмыс ашылған және 135 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы бейнебақылаулардың жазбасы арқасында Үшарал қаласы тұрғының бағасы 34 миллионнан асатын мүлкін былтырғы жылы жымқырған 4 ұры ұсталған. Казіргі таңда бұл қылмыскерлер сот үкімімен  бас бостандықтарынан ұзақ мерзімдерге айырылып сотталды.

Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жалғасуда.

 

Алматы облысының Алакөл аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу