Тұңғыш Президент күні мен Прокуратура күніне орай шағын-футболдан жарыс өтті

30 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың қараша айының 29 жұлдызында Талдықорған қаласында Тұңғыш президент күні мен Прокуратура күні мейрамдарының атап өтілуіне байланысты шағын-футболдан жарыс өтті.

Жарысқа 19 қала, аудан, арнайы прокуратуралар мен облыстық аппарат қатысты.

Жеңізпаздарға бағалы сыйлықтар мен медальдар ұсынылды.

Одан бөлек, жарыс қорытындысы бойынша «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік гол» номинациялары бойынша сыйлықтар берілді.

Осындай жарыстар жыл сайын өткізіліп тұрады және негізгі мақсаты – қызметкерлерді спортпен шұғылдануға насихаттау болып табылады.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу