Тексеру қорытындысы

03 желтоқсан 2012 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Алматы облысы Ақсу ауданының прокуратурасымен Ақсу ауданының Жансүгіров кентіндегі № 6 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай-ППКК) 2011 жыл және 2012 жылдың өткен уақыты аралығында мүмкіншілігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің құқықтары және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған заңнаманың қолданылуына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. 
 
ҚР Білім және ғылым министрінің 03.09.2004 жылғы «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» № 712 бұйрығымен бекітілген «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереженің» (әрі қарай-ереже) 15 тармағына сәйкес, оңалту орталығындағы түзету-дамыту үдерісін ұйымдастыру оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік жоспармен және орталықтың әдістемелік кеңесінде әзірленетін және бекітілетін сабақ кестесімен реттеледі. 
 
Алайда, ППКК массажисті балаларды қабылдауды ППКК меңгерушісімен бекітілген сабақ кестесі бойынша жүргізбегендігі анықталды. 
 
Атап айтқанда, ППКК массажисті Т.Жолдыбекова балаларды күнделікті сабаққа келуін тіркеу журналы бойынша 06.08.2008 жылы туылған «резидуально-органическая энцефалопатия. Судорожный синдром ОНР ІІІ ур. Легкая ЗПР церебрально-органического генеза» диагнозымен Сембек Ақботаны 2011 жылдың желтоқсан айының 5,6,9,12,13 жұлдызында қабылдаған, алайда Сембек Ақбота ППКК меңгерушісімен бекітілген сабақ кестесі бойынша желтоқсан айының 5,6,9,12,13 жұлдызында массаж алуға тиісті емес. 
 
Сонымен қатар ППКК қызметкерлерімен балаларды коррекциялық кабинет жағдайында түзете отырып дамытудың жоспарларының орындамау деректері анықталды. 
 
Мысалы, ППКК меңгерушісі Л.Арғынбаевамен бекітілген мүмкіндігі шектеулі балаларды коррекциялық кабинет жағдайында түзете отырып дамытудың 2012 жылдың мамыр айына арналған жұмыс жоспары бойынша 22 мамыр күні балалармен «Кім боламын?» атты ашық сабақ өткізілуі тиіс. 
 
Алайда жоғарыда аталған іс-шараларды жүргізуге жауапты ППКК маманы Б.Қыдырмановамен аталған іс-шаралар бүгінгі күнге дейін жүргізілмеген және бұл жайлы тиісті хаттама толтырылмаған. 
 
 Ереженің 17 тармағына сәйкес оңалту орталығында кәсіптік-еңбекке баулу жұмысшы мамандарға деген қажеттілікке негізделген жергілікті жағдайларға орай және жеткіншектерді жеке еңбек қызметіне дайындауды қамтитын еңбек ету саласын таңдау негізінде психофизикалық дамудың, денсаулықтың жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) мүддесін ескере отырып жүзеге асырылады. 
 
Ал, ППКК қызметкерлерімен мүгедек баланы кешенді тексеру жүргізген кезде және баланың жеке-дамыту бағдарламасын құрастырған кезде ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің мүдделерін мүлдем ескермеген. 
 
 Жоғарыда аталғандардың негізінде Ақсу ауданының Жансүгіров кентіндегі № 6 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинетінің меңгерушісінің атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс жолданып, нәтижесінде 3 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу