Талдықорған қаласының тұрғындары газбен жабдықтау қызметтерін емін-еркін таңдау құқықтарынан айырылды

04 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Облыс прокуратурасымен монополияға қарсы заңнамалардың сақталуына талдау жүргізу барысында әкімдік тарапынан бәсекелестікке қарсы орта құру фактілері анықталды.

         Атап айтқанда, облыс әкімдігінің қаулысымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Талдықорған қаласының газ тарату желілерін басқаруға және оларға билік етуге айрықша құқық берілген.

         Аталған қаулы Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына қайшы келіп, нәтижесінде газбен жабдықтау саласындағы бағаның өсуіне әсер ететін еді.

         Осыған байланысты облыс прокуратурасымен жергілікті атқарушы органның заңсыз актісіне наразылық келтіріліп, ол толығымен қанағаттандырылды.

         Осылайша, Талдықорған қаласының 140 мың тұрғыны газбен жабдықтау саласындағы қызмет көрсететін мекемелерді өз еркінше таңдау жасауға құқығы пайда болды.