Шағымдарды сапалы қарау – азаматтар құқығын қорғаудың тиімді құралы

13 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шағымдарды сапалы қарау – азаматтар құқығын қорғаудың тиімді құралы - 917727523

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында азаматтардың шағымдарына уақытында және сапалы қаралуы үшін Алматы облыстық прокуратурасы тиісті шараларды жүзеге асыруда.

Аталған мәселе бойынша әкімшілік кедергілер мен артық бюрократияларды жою үшін алдыңғы жылы облыста құқық қорғау қызметі және азаматтарды қабылдау Орталықтары ашылған.

Орталықтардың негізгі мақсаттары қол жетімді қызмет көрсету, шағымдарды жедел шешу және азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімділігін арттыру болып табылады.

Ол жерде білікті прокурорлар күнделікті қабылдау жасайды, қорғаушылар, медиаторлар, сот орындаушылар, пробация қызметінің және басқа да органдардың өкілдері тегін құқықтық көмек көрсетеді.

Ағымдағы жылы құқық қорғау қызметі Орталығында 2 мыңнан астам азаматтар құқықтық көмек алған.

Азаматтарды қабылдау кезінде прокурорлармен жедел және сапалы заңды көмек көрсетудің нәтижесінде прокуратура органдарына түскен шағымдар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 16% (17 491 нан 14 736 ға) төмендеген.

Одан бөлек, басшылық тарапынан жеке қабылдаулар ұйымдастыру және халықпен кездесулер өткізуі азаматтармен жұмыс жасаудың маңызды құралы болып табылатындығын атап өту қажет.

Ағымдағы жылы прокуратура басшылығымен 3 мыңнан астам азамат қабылданды, оның 300 астамы азаматтарды қабылдау Орталығында және 110 ҰДП «Нұр Отан» алаңында.

Жылдың басынан бері облыстық прокуратураға 14 мыңнан астам шағым түсіп, олардың 50% (7 626) уәкілетті органдарға құзыреттері бойынша қарауға жолданған.

Басқа органдарға арыздардың жолдану санының көптігінің себебін азаматтардың прокуратура органдарының шағымдарды қараудың жаңа тәртібін білмеуі деп атауға болады.

«Прокуратура туралы» Заңға сәйкес, прокуратура органдары шағымдарды:

-      Президенттің тапсырмасы болған;

-      адамның  өмірі  мен денсаулығына, қоғамның және мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігіне орны толмас салдарға алып келетін қатер төнген;

-      денсаулығының физикалық немесе психикалық бұзылуына және өзге де мән-жайларға байланысты адам өзін-өзі қорғай алмаған;

-      шектелмеген адамдар қатарының құқығын бұзған, яғни объективті түрде адамдар қатарын анықтау мүмкін болмаған жағдайларда қарайды.

Бұл ретте, өтініштердің аталған санатын прокурорлар құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың бұзылуы немесе оның болу қатері, сондай-ақ бақылаушы немесе қадағалаушы органның мүдделер қақтығысы болған не олардың шешіміне шағымданған жағдайларда ғана қарайды.

Сондықтан, егер өтініштер аталған критерийлерге сәйкес келмесе, онда азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің құқықтарын қорғау үшін тікелей уәкілетті органдарға не сотқа жүгінуі қажет.

Бұл талаптар, қарау тәртібі қылмыстық процестік, азаматтық процестік, әкімшілік құқық бұзушылық заңнамаларында, сондай-ақ жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы заңнамаларда белгіленген өтініштерге қолданылмайтынын түсіндіреміз.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу