Семинар-жиыны өткізілді

23 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Панфилов ауданының прокуратурасымен 2016 жылдың 22-23 ақпан күндері аралығында жаңа қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Задарына және мемлекеттік қызметкерлердің Этикалық кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша  семинарлар  өткізілді.

Аталған семинарлар аудандық ішкі істер бөлімінде, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында, аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқарамасында, сондай-ақ аудан әкімдігінде басқа да мемлекеттік органдардың қатысумен өткізілді. 

Семинар жұмысына аудан прокуроры, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры, көрсетілген мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Аудан прокуратурасының қызметкерлері баяндама жасап, жаңа қабылданған нормативтік құқықтық актілердің нормаларының әрбір талаптарына егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

Сонымен қатар, аудан прокурорымен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүйесінің негізгі жаңашылдықтары аталып өтілді.  

Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік қызметті реформалау, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелерін талқылады.

Бұдан бөлек, семинарға қатысушылар қойылған сұрақтарына нақты жауаптарын алды.

 

Алматы облысы Панфилов аудандық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу