Сарқан ауданының тұрғыны шектеуге қарамастан карантин талабын бұзды

07 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ресей Федерациясынан келгеннен кейін, үй карантинына жатқызылғанға қарамастан, Сарқан ауданының тұрғыны халықтың денсаулығына қауіп төндіріп, қоғамдықтық жерлерге барған.

Мобилді топтың тексеру қорытындысы бойынша, аталған тұлға азық-түлік дүкенінде табылған.

Осы азамат 10 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Одан бөлек, Іле ауданының төрт тұрғыны «WhatsApp»  мессенджері арқылы полиция қызметкері мен 2 дәріхана жұмысшысы коронавирус ауруына шалдыққандары туралы жалған ақпарат таратқан.

Шындыққа ұласпайтын хабарлама таратушылар тез арада анықталып, олармен профилактикалық әңгімелесу өткізілді және осы тұлғалар көпшілік алдында кешірім сұрады.

Бүгінгі күнге Алматы облысында төтенше жағдай талаптарын бұзу фактілері бойынша 195 іс қаралып, 38 адам қамаққа алынды, 151-і әкімшілік айыппұлға тартылды, 6 тұрғынға ескерту жасалды.

Осы орайда, шындыққа ұласпайтын хабарламаларды таратпауды және арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз.

Қазіргі таңдағы барлық ақпарат құзіретті органдардың интернет парақшаларында жарыққа шығып отырады.

Төтенше жағдайдың талаптарын бұзған үшін заңмен белгіленген жауапкершілік көзделгенін түсіндіреміз.