«Орнында шешу» қағидасының ерекшеліктері!

09 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Аудан прокуратурасымен «Орнында шешу» жобасына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде туындаған мәселелер бойынша арыздар мен шағымдар дереу кезекші прокурордың кабинетінде қаралады.

Сонымен қатар, осы жоба шеңберінде азаматтарды әуре-сарсанға салдырмай сол жерде дау туғызған мәселелерді болдырмауға бағытталған шаралар қабылданады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бағыты бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мақсатында бейне камералармен жабдықталған жауап алу кабинеті ашылған.

Қазіргі таңда, барлық жауап алу, беттестіру және т.б. тергеу амалдары аталған кабинетте жүргізіліп, кейіннен бейнежазбаға түсірілген күйде қылмыстық іске дәлелдеме ретінде тігіледі.

Осыған орай, қазіргі таңда аудан прокуратурасына түскен арыздар мен шағымдар өткен жылмен салыстырғанда біршама азайған болатын.

Алдағы уақытта аудан прокуратурасымен азаматтардың құқықтарының қорғалуына бағытталған жұмыстар күшейтілетін болады!

 

Алматы облысы Ұйғыр ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу