Облыс прокуратурасының мәжіліс отырысында әкімшілік айыппұлдарды өндіру сұрақтары қаралды

30 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет алдындағы қарызды өндіру сұрағы облыс прокуратурасының мәжіліс отырысында қаралды.

Өткен жылы мемлекет алдындағы 6,5 млрд. теңгені құрайтын әкімшілік айыппұлдар мен атқарушылық өндірістер бойынша қарыздардың тек 19% (1,3 млрд. теңге) ғана өндірілген. Бүгінгі күні қарыз 6,4 млрд.теңгеден асты. Көбісі жылдар бойы өндірілмеуде.

2011 жылы енгізілген жеке сот орындаушылар институтының жұмысы жағдайды өзгертпеді. Қарызды өндіру мәселесі шешілмеуде.

Прокурорлық тексеріс бойынша жеке сот орындаушылары тарапынан 1,5 мың атқарушылық парақтар бойынша атқарушылық істерді қозғаудан заңсыз бас тарту фактілері анықталды.

Сот орындаушылары уақытылы мүлікке билік етуге тыйым салмауы себебінен борышкерлердің көліктерін есептен шешу сұрағы да жойылған жоқ. Барлығы 406 факті анықталды.

Мәжіліс отырысында борышкерлердің емін-еркін шет елдерге шығып кету сұрағына сын айтылды. Осындай шектеулер 74 мыңнан аса борышкерге қойылмаған.

Мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру департаментінің уақытылы шара қолданбауы себебінен мемлекетке мүлікті тәркілеу туралы 232 сот актісі орындалмаған.

Тек Талғар ауданы бойынша ғана тәркіленген 1,7 мың алкоголдік өнім қайта айналымға шығарылған. Осындай фактілер облыс бойынша бірнеше рет орын алды.

Мәжіліс отырысының қорытындысы бойынша құзырлы органдарға мемлекет алдындағы қарызды өндіруге бағытталған шараларды жандандыруға ұсыныс берілді.

 

 

Облыс прокуратурасының мәжіліс отырысында әкімшілік айыппұлдарды өндіру сұрақтары қаралды - 1807026375
Облыс прокуратурасының мәжіліс отырысында әкімшілік айыппұлдарды өндіру сұрақтары қаралды - 1876790884

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу