Облыс прокуратурасының алқа отырысында құқық қорғау органдарының тексеру нәтижелері талқыланды

31 мамыр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуратурасының алқа отырысында құқық қорғау органдарының тексеру нәтижелері талқыланды - 396731096

Алматы облысы прокуратурасының ағымдағы жылдың 25-мамырында өткен алқа отырысында қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық-процестік заңнаманың заттай дәлелдемелерді қою, есепке алу, сақтау, беру және жоюға бағытталған талаптарының 2017 жылы орындалуына тексеріс жүргізу қорытындысы талқыланды.

Осы отырыста ішкі істер, мемлекеттік кірістер, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мен ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшылары мен лауазымды тұлғалары қатысты. 

Заттай дәлелдемелерді қою, есепке алу, сақтау, беру және жоюға бағытталған жұмысқа қатысты біршама іс-шаралар атқарылып жатқанымен, осы салада өрескел заң бұзушылықтар орын алып жатқаны аталып өтті.

Осындай жағдайдың себебі ретінде заттардың сақталуына тиісті түрде есеп жүргізілмеуі, олардың уақытылы жойылмауы мен мемлекет еншісіне уақытылы аударылмауы аталды.

Осындай заң бұзушылықтар бірқатар қылмыстық қудалау органдарында жүйелі түрде орын алып отыр.

Мысалы, Мемлекеттік кірістер облыс бойынша Департаментімен құмар ойындарына бағытталған орындардан тәркіленген заттай дәлелдемелер арнайы орындарда емес, қызметтік көліктерге арналған тұрақта толтырылған хаттамасыз, есепсіз және қажетті актілерсіз сақталған.

Облыс прокуроры А.Жылқыбаев: «Жұмысқа дұрыс бағыт-бағдар бермеу мен ведомстволық бақылау болмағандықтан осындай заң бұзушылықтар алып отыр. Атап айтқанда, заттай дәлелдемелер жоғалуда, осыған орай қылмыстық үрдістің қатысушыларының құқығы бұзылуда, сол үшін де соттар жеке қаулылар шығаруда»,-деп атап өтті.

Орын алған жағдайы түзету үшін құзырлы органдарға осы бағыттың жұмысының сапасын арттыруға, заттай дәлелдемелерді есепке алу, сақтау, беру және жою саласына жауапты қызметкерлерді тағайындауға және оларды осы жұмысқа қажеті жоқ басқа бағыттардан босату тапсырылды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар беріліп, қадағалау актілері енгізілді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу