Облыс прокуратурасымен мемлекетке 1,2 млрд. теңге залал келтірудің алды алынды.

04 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Алматы облысы прокуратурасымен Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «А-ТА СТРОЙ» ЖШС банкрот деп тану туралы шешіміне шағым жасау арқылы мемлекетке келтірілетін залалдың алды алынды.  

         Атап айтқанда, мемлекеттік кірістер органдарымен құрылыс компаниясына жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша 1,2 млрд. теңге сомасына салық қарызы есептелді.

         Серіктестік төлем қабілетсіздігіне сілтеме жасап экономикалық сотқа өзін банкрот ден тану туралы өтініш берді. Сотпен талапкердің өтініші қанағаттандырылды.

         Серіктестік қызметіне талдау жүргізу барысында, облыс прокуратурасымен резидент емес мекемелермен жалған мәмілелер жасау, айналымнан ақшаны заңсыз алу, негізгі айналымды жасыру фактілері анықталды.

         Осыған орай облыс прокуратурасымен сот шешіміне наразылық келтірілді және ол толығымен қанағаттандырылды.

         Сонымен қатар оңалту және банкрот кезінде заңсыз іс-әрекеттер жасау, қасақана банкроттық фактілері бойынша ҚР ҚК 237,238-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.