Облыс прокуратурасымен балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында сайыс өткізілді

12 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуратурасымен балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында сайыс өткізілді - 151603171

Алматы облысы прокуратурасы «Өркен» спорт кешенінде «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында шағын-футболдан сайыс өткізді.

Сайыс қорытындысы бойынша әр бүлдіршінге сыйлықтар таратылды.

Осындай шаралар әр мейрамдарда балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен жыл сайын өткізіліп тұрады.

Мәселен, Бірінші Президент Күніне орай №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерін облыс прокуратурасы қызметкерлері Ә.Қастеев атындағы музейге апарды.

Облыс прокуратурасы жетім балаларға аса көңіл бөлетінін айта кету қажет. Мысалы, тек «Балалар үйінсіз Жетісу» атты жоба бойынша 160-тан астам балалар отбасыларда тәрбиеленуге тапсырылды.

        

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу