Наурыз мейрамы құтты болсын!

21 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

             Құрметті қазақстандықтар!

             Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

             Наурыз – ата-бабамыздың даңқын дәріптеген дәстүрлі рәміз. Бүгінгі биік рухымыздың да, өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің де өзегі осында. Олай болса, біз үшін бұл күн – риясыз шаттық пен қуанышқа толы мереке.

             Наурыз жақсылық пен құт берекенің көзін ашып, күн мен түн теңелген күн. Елді бірлікке, ынтымаққа, достыққа ұмтылдырған күн. Наурыз мейрамы – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы! Тарихи тамырын тереңнен тартқан Наурыз мейрамы қай кезде де, қай заманда да еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып келген.

             Ақ босағадан аттаған Ұлыстың ұлы күнімен әр азаматтарымызды құттықтай отырып, баршаңызға денсаулық, ырыс пен ынтымақ және отбасыларыңызға амандық тілеймін!

           Ізгі ниетпен,

           Азамат Жылқыбаев