Мектеп мұғалімдері Өтеген батыр кентіне көлік жолдары жабылады деген жалған ақпарат таратқан

28 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        «WhatsApp» мессенджерінде Іле ауданы Өтеген батыр кентінің  №13 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Байсерке ауылынан Өтеген батыр кентіне коронавирус індетінің таралуы себебінен көлік жолдары жабылады деген жалған ақпарат таратқан.

         2020 жылдың 28 наурызында жалған ақпарат таратушылар анықталып, Іле ауданы Полиция басқармасына жеткізіліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Осы шаралар нәтижесінде кінәлі тұлғалар істеген іс-әрекеттеріне опынғандарын білдірді.

         Осыған байланысты, Алматы облысы прокуратурасы азаматтарды үрейге берілмеуге, сабырлық танытуға, жалған хабарламаларды таратпауға шақырады.

         Қазіргі таңда болып жатқан жағдай туралы ақпараттар құзырлы органдардың ресми интернет парақшаларында жарияланады.

         Көрінеу жалған ақпарат таратқан үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін түсіндіреміз.