Мектеп директоры пара алғаны үшін сотталды

06 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

18.10.2017 жылы Райымбек ауданындағы мектеп директорына қатысты пара алғаны үшін Алматы облысы Райымбек ауданының №2 сотының үкімі шықты.

Сотпен мектеп директоры азамат Е.С. жұмысқа орналастыру үшін азаматша А.Ж. 100 000 теңге көлемінде пара алғандығы анықталды.

Сот үкіміне сай, Е.С. алған парасының елу еселенген мөлшерінде 5 000 000 теңге сомма көлемінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте және ұйымдастырушылық-басқарушылық құқығындағы мемлекеттік ұйымдарда қызмет істеу құқығынан айырылды.  

Сотта процессуалдық прокурормен сотталушы Е.С. кінәсін мойындау туралы келісім-шарт негізінде процессуалдық келісім жасалды.

 

Алматы облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу