Қылмыстық процестік-кодекстегі білуге қажетті кейбір өзгерістер!

09 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 32 бабының 1 бөлігіндегі жеке айыптау істері бойынша қылмыстық кодексінің кейбір бабтары алынып, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне көшірілді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес, 108 (қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру), 109 (ұрып соғу) және 215 (жалған кәсіпкерлік) бабтары толығымен алынып тасталынды.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексінің 32 бабына сәйкес бұл баптар жеке айыптау істері болып табылмайды.

Осыған орай, тұрғындарға қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру, ұрып соғу және жалған кәсіпкерлік деректері бойынша тікелей сотқа жүгінулеріңіз қажет екеін түсіндіреміз!

Алматы облысы Ұйғыр ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу