Құқық қорғау қызметтері орталығында азаматтарға қабылдау жүргізілді

21 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бірыңғай  азаматтарды қабылдау күні  - республикалық іс-шараның шеңберінде Алматы облысы прокуратура органдарының басшылары азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау жүргізді.

Аталған іс-шара облыстың барлық аудандарында орын алды.

Аудан прокурорлары прокуратуралар мен әкімдіктердің ғимараттарында қабылдау жүргізді.

Облыс прокуроры Азамат Сембайұлы Жылқыбаев азаматтарды Құқық қорғау қызметтері орталығында қабылдады. Барлығы 30-дан астам азаматтар қабылдауға келді.

Негізінен азаматтар сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелері, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығына қатысты шағымданды.

Облыс прокуроры А.С.Жылқыбаев қабылдауда болған азаматтардың уәждерін тыңдап, құрылымдық бөлімдердің басшыларына барлық мән-жайларды тексеріп, уаждер расталса, шара қолдануды тапсырды.

Осы орталықта білікті прокурорлар күнделікті қабылдау жасайтындығын, қорғаушылар, медиаторлар, сот орындаушылар, пробация қызметінің және басқа да органдардың өкілдері тегін құқықтық көмек көрсететіндігін атап өткіміз келеді.

Ағымдағы жылы құқық қорғау қызметі Орталығында 2 мыңнан астам азаматтар құқықтық көмек алған.

Облыс прокуроры орталықта әр сейсенбі күні азаматтарды барлық сұрақтары бойынша қабылдайтынын және қабылдауға облыс прокуратурасы арқылы жазылуға болатынын естеріңізге саламыз.

 

Құқық қорғау қызметтері орталығында азаматтарға қабылдау жүргізілді - 685035173

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу