Құқық қорғау қызметі орталығында облыс жастарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

05 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметі орталығында «Кәмелетке толмағандар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар мен ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Шараға облыстық прокуратура, Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі, білім, денсаулық сақтау, жастар саясаты басқармалары, жоғарғы оқу орны мен колледж студенттері қатысты.

Шара барысында балалар құқығы мен заңды мүддесін қорғау,  кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын қылмыстық әрекеттер санын азайту, балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға бағыштау, балалар қауіпсіздігін сақтау мәселелері қарастырылды.

Осы орайда, құқық қорғау органдары, білім, денсаулық сақтау, жастар  саясаты, жастар, үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп алдын алу шараларын жан-жақты талқылап, студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс прокуратурасымен балалар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша құзырлы органдар өкілдері арасында байланысты нығайтып, бұл бағыттағы жұмысты күшейту бойынша ұсыныстар берілді.

Құқық қорғау қызметтері орталығында  балалар мен студенттерге құқықтық кеңес, психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсетіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Құқық қорғау қызметі орталығында облыс жастарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді - 1886352846
Құқық қорғау қызметі орталығында облыс жастарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді - 926197569

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу