«Қорғас» ШЫХО аумағындағы кездесу

12 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Қорғас» ШЫХО аумағындағы кездесу - 227535960

Бүгін «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аумағында прокуратура органдарының бастамасымен Қазақстан мен Қытай құқық қорғау органдары өкілдерінің кездесуі өтті.

Іс-шара барысында шекара маңы ынтымақтастығы, ШЫХО-да қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Тараптар арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық және тетіктерді одан әрі оңтайландыру мақсатында, кедендік құқықтық қатынастар саласында сындарлы пікір алмасу өтті.

Қазақстандық прокурорлар ҚХР-дан келген әріптестерінің алдында екі елдің кеден органдары арасындағы өзара іс-қимыл, соның ішінде шекара арқылы өткізу пункттерінде автомобиль көлігімен өткізілетін тауарлар бойынша электрондық манифест туралы ақпарат алмасу мәселелеріне бастамашылық етті.

Электрондық манифестті енгізу, шекара арқылы өткізілетін тауарларды бақылауға және оларды мемлекеттік шекараны кесіп өту кезеңінде контрабандалық фактілерді анықтауға мүмкіндік беретінін атап өту қажет.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгіленген аспектілерді, оның ішінде заңнамалық деңгейде егжей-тегжейлі қарау жоспарланып отырған жұмыс тобын құру туралы уағдаласты.

«Қорғас» ШЫХО аумағындағы кездесу - 1075830535

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу