Әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды

24 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Ескелді ауданының прокуратурасымен, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау, сонымен – қатар алимент өндіру бойынша мобилді топ құрылған.

         Аталған мобилді топпен ағымдағы жылдың өткен уақытында алимент бойынша борышы бар «К» азаматтың  тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізілді, оның алимент бойынша  борышы 600 000 теңгеден асады.

         Борышкерге қатысты ҚРӘҚБтК-нің 669 бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндіріс қозғалды.

         02.02.2016 жылы алимент төлемегені үшін «К» Талдықорған қаласының ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 5 тәулік әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды. 

 

Алматы облысы Ескелді аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу