Қасақана алимент төлемеген үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіл жатыр

11 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        Облыс прокуратурасының бастамасымен алиментті және мемлекет пайдасына берешекті өндіру бойынша жергілікті атқарушы органдарымен тығыз өзара әрекеттесу туралы меморандумға қол қойылған.

         Аталған меморандум негізінде мәжбүрлі түрде алиментті өндіру бағытында прокуратура органдарымен ай сайын талдау жүргізіледі.

         Облыс прокуратурасы мен сот орындаушылардың қабылдаған шараларымен 2019 жылы 101 млн.теңге алимент бойынша берешек өндірілді.

          7 қасақана алимент төлемеуші қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 185 адам жұмысқа орналастырылды.

          Жұмысқа орналасқысы келмейтін алимент төлемеушілерге қатысты әкімшілік қамау қолданылады.

           Ағымдағы жылы қамау ретінде әкімшілік жауапкершілікке 29 адам тартылып, 19 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, 2 бойынша сот үкімі шықты, одан бөлек 10 млн.теңге мөлшерінде алимент өндірілді.