Еңбекшіқазақ ауданында мал ұрлығы мен басқа құқық бұзушылықтардың алдын алу сұрақтары қаралды

31 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасымен, аудан әкімі, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, аудан тұрғындарының қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу сұрақтары бойынша ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.

         Мал ұрлығы бойынша қылмыстарды ашу сұрағының қиындығы мен өзектілігін ескере отырып, криминогендік ахуалды түзету үшін, жаңа пилоттық бағдарлама ұсынылды.

         Осы пилоттық бағдарламаның негізі ойы болып үй жануарларына шаруа қожалығы және ауылдық округтің индексі көрсетілген суық таңбалау арқылы штрих-кодтық цифрлі белгілер қою болып табылады. Осындай іс-әрекеттер малдың қожайындарын табуға әсерін тигізеді.

         Отырыс барысында нөмірленген сырғалар оңай шешілетіндігі, жайылым кезінде түсіп қалатындығы, осыған орай малды жайылымнан алып кетуге жағдай жасалатындығы аталып өтті.

         Мәжіліс отырысының қорытындысы бойынша аудан прокуроры құзіретті органдардың басшыларына құқық бұзушылықтың алдын алуға және аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтауға бағытталған ұсыныстар берді. 

Еңбекшіқазақ ауданында мал ұрлығы мен басқа құқық бұзушылықтардың алдын алу сұрақтары қаралды - 8228998
Еңбекшіқазақ ауданында мал ұрлығы мен басқа құқық бұзушылықтардың алдын алу сұрақтары қаралды - 217546402
Еңбекшіқазақ ауданында мал ұрлығы мен басқа құқық бұзушылықтардың алдын алу сұрақтары қаралды - 1949469265

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу