Білім бөлімінің бастығы пара бергені үшін сотталды

20 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
14.11.2017 жылы пара бергендері үшін Алакөл ауданы білім бөлімінің басшысы және аталған бөлімнің қызметкері Алакөл аудандық сотымен әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Аталған азаматтар 400 000 теңге мөлшеріндегі параны Алматы облысының Ішкі аудит департаментінің маманына аудиттік тексеруге оң қорытынды жасау үшін берген.
Осы маманда  4 жыл 6 айға пара алғаны үшін бас бостандығынан айрылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу