Баспасөз-релизі облыстық прокуратура алқасының отырысы туралы

25 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Алматы облыстық прокуратурасы алқасының 2016 жылдың 26 ақпанында өтетін кезекті отырысында 2015 жылда қылмыстық қудалау органдарымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу жайы және жедел-іздестіру қызметі барысында туындаған мәселелерді қарап-талдау жоспарланып отыр.

Облыстық прокуратурамен жедел-іздестіру қызметі барысына азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету мақсатында осы саладағы заңдылықты қадағалауды күшейту үшін пәрменді шаралар қолданылды.

Сонымен бірге, жедел-іздестіру қызметі мемлекеттік қызмет салалары ішіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылу қаупі ең көп саланың бірі болып табылады.

Өзінің мәні, мақсаттары мен әдістері тарапынан жедел-іздестіру қызметі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына шектеу жасай алмайды.

Өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясы ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялаған. Ал мемлекеттің міндеті – оларды тану, сақтау жәнне қорғау. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, азаматтардың конституциялық құқықтарын, меншігін қорғау, қоғам мен мемлекеттің мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.

Ал бұл өз кезегінде, заңнамаларға сәйкес адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатындағы жедел-іздестіру шаралары уақытылы және жеткілікті көлемде жүргізілуі тиіс екендігін көрсетеді.

Сондықтан да жедел-iздестiру қызметiнің басты талабы жедел-іздестіру шаралары шеңберіне ілігуі мүмкін тұлғаларға қатысты жүргізілуі тиіс іс-әрекеттердің адамның жеке өміріне қол сұғуына жол берілмей жүргізілуі болып табылады.

Заңмен көзделмеген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға да жол берiлмейдi.

Ата Заңымыздың 18 бабында адам мен азаматтың жеке өміріне қол сұғылмауы, өзінің және отбасының құпиясы болуы, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуы, жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуы құқығы көрсетілген.

Конституцияның 39 бабына сай, бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

Қолданыстағы барлық заңнамалардың талаптары жедел-іздестіру шаралары барысында әрбір адамның жеке басының құндылықтарын, оның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын танып, оларды қорғауға бағытталған.

Осыған байланысты, облыстық прокуратураның алқа жиналысында жедел-іздестіру субъектілерімен азаматтар мен жеке кәсіпкерлік тұлғалары құқықтарының бұзылуы жайлары жан-жақты және объективті түрде қаралып талданбақ.

 

Алматы облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу