Аудан жолдарындағы жол апаттары

24 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Ескелді ауданының прокуратурасы 2015 жылдың 12 айында және 2016 жылдың өткен уақытында орын алған жол көлік оқиғаларының жағдайына талдау жасалды.

Есептік мәліметтерге сәйкес, 2015 жылы аудан бойынша 42 жол көлік оқиғасы (Ары қарай - ЖКО) орыналған, 2014 жылмен салыстырғанда 6,6% кем тіркелген.

Алайда, 2014 жылмен салыстырғанда ЖКО-нан зардап шеккендердің үлесі 13,6% (66 дан 75-ке) өскен.

Статистикаға сүйенсек, ЖКО-нан зардап шеккендердің көбісі, яғни 68,0% немесе 51 тұлға жаяу жүргіншілер және жолаушылар болып табылады.

ЖКО-нан жарақат алғандар саны 3,7%, олардың 39 немесе 52,0% ер адамдар, 17 немесе 22,6% әйел адамдар, 8 немесе 10,6% кәмелеттік жасқа толмағандар.

Қайтыс болғандар саны 19, оның 13 немесе 68,4% ер адамдар, 6 немесе 31,6% әйел адамдар.

ЖКО-нан зардап шегетіндердің жас шамасы орташа есеппен 30 және одан жоғары жастағылар – 40 тұлға немесе 53,3%, 18 – 29 жас аралығындағылар 27 тұлға немесе 36%, 17 жасқа дейінгілер 8 тұлға немесе 10,6%.

Зардап шеккен кәмелеттік жасқа толмағандардың жас шамасы келесідей болып табылады:

- 0 ден 6 жасқа дейін – 2 немесе 25,0%;

- 7 ден 13 жасқа дейін –  5 немесе 62,5%;

- 14 тен 17 жасқа дейін – 1 немесе 12,5%;

ЖКО-ның жиі орын алу орындарына келетін болсақ, 20 ЖКО облыстық маңызы бар жлдарда, 12 Республикалық маңызы бар жолдарда, 8 елді мекендерде.

Алматы – Өскемен тас жолында 12 жол көлік оқиғасы, Талдықорған – Текелі  тас жолында  19  және Қарабұлак – Қайнарлы тас жолында  1 жол көлік оқиғасы орын алған.

Елді мекендердегі жағдай төмендегідей.

Қарабұлак кенті – 3, Бақтыбай – 1, Абай және Байсовта 2 ЖКО.

Жол қозғалысының жылдамдығын реттеу, ЖКО және одан зардап шегетіндердің санының азаюына ықпалы зор. Талдау көрсеткендей – 73,0% ЖКО жол жүрү жылдамдығын сақтамаудың кесірінен орын алатындығын ескерген жөн.

Мысалы:

1) жол жүрү жылдамдығын сақтамаған үшін 31 ЖКО;

2) жол жүру кезінде бағытты өзгерту үшін 2 ЖКО;

3) жлдың қарсы бағытына шығу кесірінен 3 ЖКО;

4) ара қатынасты сақтамаған үшін 5 ЖКО;

5) жол ережелері және жол белгілерін сақтамаудан 1ЖКО.

Ауа-рай жағдай.

ЖКО-ның көпшілігі немесе 34 – і ашық ауа-рай жағдайында, 6 бұлтты және 1 жаңбырлы ауа-райында орын алған.

ЖКО көпшілігі орын алатын уақыт кезеңі 18.00 – ден 00.00 сағат аралығы. 19 оқиға күндізгі уақытта, 14 кешке, 9 түнде орын алған.

 

Алматы облысы Ескелді аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу