Алматы облысының тұрғындарына

24 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

ҮНДЕУ

құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында

ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 25-2 бабына сәйкес

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы №1034  Қаулысымен «Алатау запыраны, ботатабан» ол өсімдіктің жалпылама тілмен айтқандағы түрі Бәйшешек, ол Қызыл кітапқа енген, яғни сирек кездесетiн өсімдік және құрып кетуіне қаупi бар.

Бәйшешек елімізде Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тауының солтүстік және батыс етектерінде, яғни Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан  облыстарында тараған, ақпан айының аяғынан мамырға дейін гүлдейді.

Жаңартылған Осы мерзімде аталған өсімдік өзінің кеңінен танымалдығымен, яғни ерте көктемде гүлденуі оны әсіресі сыйлық ретінде қолданады. Басқа да, тұлғалар осы әрекетке жауапкершілік бар екендігіне қарамастан, біреулері заң талаптарын білмеуіне, біреулері қасақана пайда табу мақсатында Бәйшешекті жұлып жинайды. Өсімдік тамырынан жұлынып қайта орнына келмей құрып кетуіне қаупі бар.

         Өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтiн жерлерін жою,  қылмыстық жауапкершілік көзделген, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 339 бабының санкциясына сәйкес үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады немесе 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын айыруға жазаланады.

Сонымен қатар, еске сақтаған жөн Бәйшешек гүлін сатып алғаны үшін де жауапкершілік қарастырылады, яғни Бәйшешекті сатып алған тұлға құқықбұзушылық жасаған болып саналады. 

Қазіргі таңда облыс аумағында уәкілетті және құқық қорғау органдары  ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, сирек кездесетiн өсiмдiктерді заңсыз жинап жатқа тұлғаларға қатысты анықтауға және жолын кесуге бағытталған  рейдтік шаралар өткізілуде.

Осыған орай, заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыстық табиғат қорғау прокуратурасы тұрғындардың  заң талаптарының сақтауына назарын аударады.

 

Алматы облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу