Алматы облысының тұрғындарына

24 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҮНДЕУ

құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында

ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 25-2 бабына сәйкес

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі №460 Қаулысымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаске-леріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынған.

Аталған нормативтік құқықтық акт сексеуiл екпелерiнiң қурауына жол бермеу, сондай-ақ ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғауды күшейту мақсатында қабылданған.

Бірақ, осы жағдайға қарамастан Алматы облысының аумағында сексеуіл екпелерін заңсыз дайындау және тасымалдау деректері анықталуда.

         Қазіргі таңда облыс аумағында сексеуіл екпінділерін заңсыз кесу немесе тасымалдау деректерін анықтауға және алдын алуға  бағытталған рейдтік шаралар өткізетін уәкілетті және құқық қорғау органдары есебінен ведомствоаралық жұмыс тобын құру арқылы жұмыс ұйымдастырылған.

Қысқа мерзім ішінде, яғни 2015 жылдың 25 қараша мен 26 желтоқсан аралығында 14 дерек анықталды, оның ішінде 1 дерек сексеуіл екпесін кесу бойынша, 3 дерек заңсыз тасымалдау және 10 дерек заңсыз сату бойынша анықталды. Аталған деректер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылған.

Заңнамада пайдалануға тыйым салынған өсiмдiк түрлерімен заңсыз айналысу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Құқық бұзушылыққа көбінесе пайда көру мақсатында жеке тұлғалар барады, ал кейбір кәсіпкерлер осы өнімді сатуға себебін тигізеді.

Бұл ретте, Орман және Экологиялық кодекстерінде жеке тұлғалар ағаштар мен бұталарды сындырмауға және кеспеуге, орман ағаштарының зақымдануына, ормандардың ластануына және қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға мiндеттi деп көрсетілген.

Осыған орай, заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылық-тардың алдын алу мақсатында облыстық табиғат қорғау прокуратурасы тұрғындардың назарын орман және экологиялық заңнамаларын сақтау, сексеуіл екпелеріне ортақ игілік ретінде ұқыпты қарау қажеттілігіне аударады.

 

 

Алматы облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу