Алматы облысында жол полициясының қызметкері пара үшін сотталды

30 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Пара алғаны үшін Алматы облысы жол полициясының қызметкері Р.Р. қатысты 27.10.2017 жылы Алакол аудандық сотымен үкім шығырылып, жаза ретінде мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып,  параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.

Сотпен жол полициясының қызметкері Р.Р. жүргізуші Б-дан оны әкімшілік жауапкершілікке тартпау және жүк тасымалдау кезінде жалпы қамқорлығы үшін 50 000 теңге пара алғаны анықталды.

Сотта процесс прокуроры сотталушы Р.Р.-мен кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасты.

 

Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасы

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу