Алматы облысында жаңа туған нәрестені қамқорлыққа алу рәсімін жеңілдетілді

01 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы облысында жаңа туған нәрестені қамқорлыққа алу рәсімін жеңілдетілді - 484910278

Талғар ауданында жас отбасылар ұзақ күтпей жаңа туған нәрестелерді қамқорлыққа алды.

Бала туылған сәттен бастап бір ай өткеннен кейін арнай мекемеге берілетін, тек содан кейін ғана баланы асырап алушылар арнайы деректер банкі арқылы ғана ала алатын.

Аудан прокуратурасы қолданыстағы заңды зерделеп, қалыптасып қалған тәжірибені баланы асырап алу емес, қамқорлықты рәсімдеу арқылы бұзды.

Осындай тәжірибе арқасында екі жаңа туған нәресте көздерін жетімдер үйінде емес, өз отбасында ашты. Бұл тәжірибе ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасылық» туралы Кодексіне қарсы келмейтіндігін атап өту қажет.

Аталған тәжірибенің ерекшелігі, емдеу мекемелері қамқоршылық мекемелеріне әке-шешесінің қамқорынсыз қалған балалар туралы мәліметті үш күн ішінде береді. Осыған орай, баланы арнайы мекемеге берілгендігін бір ай, одан кейін құжаттарды әзірлеу үшін ұзақ уақыт күтудің қажеті жоқ.

Жаңа туған нәрестелер қоғам қайраткері Аружан Саин, республикалық БАҚ, «Нұр Отан» партиясы, аудан әкімдігі мен прокуратураның қатысуымен жас отбасыларға тапсырылды.

Аталған жұмыс Алматы облысы прокуратурасының «Жетімдер үйінсіз Жетісу» жобасы мен Талғар ауданының прокуратурасы, әкімдігі және орталық ауруханасы арасындағы меморандум шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.

Осы жоба бойынша облыстық прокуратурамен отбасыларға 150-ден аса бала орналастырылды.

              

 

         

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу