Алматы облысында жалақы бойынша берешек өтелді

20 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысының прокуратурасымен азаматтардың еңбек құқығын сақтау бойынша талдау жүргізілді.

Аталған іс-шара барысында 2 мекемеде («Qazaq Glass Company» ЖШС және «Ақсу Қант» ЖШС) 257 жұмысшыға 17,2 млн. теңге жалақы 3 ай бойы төленбегені анықтады.

Қабылданған шаралар арқылы аталған мекемелерде жалақы бойынша қарыз толығымен өтеліп, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы 2019 жылы облыс прокуратурасы мен құзіретті органдардың бірлесіп жұмыс істеу қорытындысы бойынша 1 115 азаматтың 156,5 млн. теңге мөлшерде жалақылары бойынша берешегі қайтарылды.