Алматы облысында алимент төлеуден жалтарған 8 борышкер сотталды

10 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысының прокуратурасы, жұмыспен қамту орталықтары, сот орындаушылары және полиция органдары арасындағы алимент бойынша қарыздарды өндіруге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру бойынша Меморандумды іске асыру барысында  борышкерлер жұмысқа орналастырылуда.

Бүгінгі күні жұмыспен қамту орталықтары арқылы 80 борышкер жұмысқа орналастырылып, алимент төлеуді жалғастырып жатыр.

Осыған орай, 33 мың бала алдындағы 334 млн. теңге құрайтын қырыз 264 млн. теңгеге дейін төмендетілді.

Сонымен қатар, алимент бойынша борышын қаскөлік төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 8 борышкер қылмыстық, ал 132-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған орай, балаларын күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау қылмыстық құқық бұзушылық екенін және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін түсіндіреміз.

Жұмысқа орналасуға көмек алу үшін тұрғылықты мекен-жай бойынша жұмыспен қамту орталықтарына хабарласуға болатындығын хабарлаймыз.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу