Алматы облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

29 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы облысы прокурорының орынбасары тағайындалды - 2038289414

         Бас Прокурордың а.ж. 29 сәуіріндегі бұйрығымен Әміров Рашид Алматы облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

         Әміров Р.Ә. 1976 жылы туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

         Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласының Жетісу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

         Қызмет барысында Алматы қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, аға прокуроры, Түрксіб және Әуезов аудандары прокурорының орынбасары, Алматы облысының Балқаш ауданы және Талдықорған қаласы прокуроры лауазымдарын атқарған.

         2017 жылдың қыркүйек айында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы прокуроры болып тағайындалған.

         Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілімі 19 жылдан астам. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу