Алматы облысы прокуратурасындағы тағайындау

03 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Бас Прокурордың бұйрығымен Әміров Рашид Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

         Әміров Р.Ә. 1976 жылы туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

         Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласының Жетісу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

         Қызмет барысында Алматы қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, аға прокуроры, Түрксіб және Әуезов аудандары прокурорының орынбасары, Алматы облысының Балқаш ауданы және Талдықорған қаласы прокуроры, Еңбекшіқазақ ауданы прокуроры, Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

         Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілімі 19 жылдан астам. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Алматы облысы прокуратурасындағы тағайындау - 1388487125

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу